
Шаһин Мұстафаев
Әзербайжандық белгілі ғалым, академик Шаһин Мұстафаев – Баку мемлекеттік университетінің шығыстану факультетінің түлегі. Мәскеудегі Ғылым академиясының Шығыстану институтында аспирантура оқып, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтында ғылым кандитаты дәрежесін алды.
Шаһин Мұстафаев – 6 монографиялық еңбекпен 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Оның зерттеулері Таяу Шығыс пен Орталық Азия халықтарының ортағасырлық тарихы мен мәдениетіне бағытталған. Ол көптеген академиялық мекемелер мен университеттерде, соның ішінде Оксфорд исламдық зерттеулер орталығында, Ыстамбұл университетінде және Индиана университеттерінде лекция оқыған. Шаһин Мұстафаев 2008 жылдан 2013 жылға дейін ЮНЕСКО-ға қарасты Халықаралық Орталық Азияны зерттеу институтының директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ ол ұзақ жылдар Мәскеу Шығыстану институтында және Әзербайжан Ұлттық Ғылымдар Академиясының Шығыстану институтында басшылық қызметтерде болды. Әзербайжан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі.
Шаһин Мұстафаев 2022 жылғы 11 қарашада Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының тоғызыншы саммитінде Түркі Академиясының президенті болып тағайындалды.