ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Түркі Академиясы – Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясында құрылған, түркі елдері арасындағы ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты үйлестіретін және ынталандыратын бірегей халықаралық ұйым.

Құрылтайшы Жарғыға сәйкес Түркі Академиясы түркітанудың әртүрлі салалары, соның ішінде тарих, археология, этнология, антропология, әдебиет, тіл білімі, терминология, өнер және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытады.

Түркі Академиясының миссиясы

Түркі Академиясы түркітану бойынша халықаралық үйлестіруші орталық қызметін атқарады.

Түркі Академиясының миссиясы – түркі әлемінің ғылым мен білім саласындағы интеграциясына оң ықпал ету. Осы тұрғыда тиісті ұйымдар арасында серіктестік орнатуға және түркітануды дамытуға арналған бағдарламалар мен жобалар іске асырылып, ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тың бастамалар қолға алынуда

Түркі Академиясының тарихы.

2009 жылғы 3 қазанда Әзербайжанның Нахчыван қаласында өткен Түркі мемлекеттері басшыларының саммитінде Қазақстан тарапы түркі әлемін жан-жақты зерттеумен айналысатын ортақ ғылыми мекеме құруға ұсыныс жасады. Осы ұсыныс негізінде 2010 жылғы 25 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарауында «Түркі академиясы» құрылды.

Мемлекет басшылары 2012 жылғы 23 тамызда Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының екінші саммитінде «Түркі академиясын құру туралы келісімге» қол қойды. Түркі Академиясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылдың 16 қарашасында «Қабылдаушы ел туралы келісімге» қол қойды. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің «Түркі Академиясын құру туралы келісімді» ратификациялау үдерісі 2021 жылы аяқталды.

2022 жылдан бастап, Түркі Академиясы мүше мемлекеттерден міндетті жарналар мен мамандарды қабылдап, толыққанды халықаралық ұйым ретінде жұмыс істей бастады. Түркі Академиясы 2018 және 2022 жылдары Мажарстан мен Өзбекстанға бақылаушы ел мәртебесін берді.

Түркі Академиясының төрт мүше мемлекеті және екі бақылаушы елі бар. Президент Шаһин Мұстафаев басқаратын ұйым мүше мемлекеттердің жарналары есебінен қаржыландырылады. Түркі Академиясының штаб-пәтері Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан.

Түркі Академиясының президенті лауазымын 2010-2014 жылдары аралығында профессор, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ыбраев, ал 2014-2022 жылдары аралығында профессор, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі атқарған. 

Түркі Академиясының президенттері:

Шаһин Маджид оглу Мустафаев (Әзербайджан), 2022- қазірге дейін

Тарих ғылымдарының докторы, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Халықаралқы Орталық Азия зерттеу орталығының корреспондент мүшесі.

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (Қазақстан), 2014-2022

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

Шәкір Шәкімшәріпұлы Ыбыраев (Қазақстан), 2010-2014

Филология ғылымдарының докторы, фольклортанушы ғалым, Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Өкілдер Кеңесінң мүшесі. А. Яссауи