
ЭГИЗ-КАРА ЖӘНЕ АК-ТАШ ПЕТРОГЛИФТЕРІ (ҚЫРҒЫЗСТАН, БАТКЕН ОБЛЫСЫ)
Жоба туралы: Түркі Академиясы
Жобаны жүзеге асырушы ұйым: Түркі Академиясы
Мерзімі: 2023–2024
Эгиз-Кара мен Ак-Таш петроглифтері Қырғызстанның Баткен облысында орналасқан және жеткілікті деңгейде зерттелмеген археологиялық ескерткіштер қатарына жатады. Қырғызстанның жартас өнері кең уақыттық ауқымды қамтығанымен, ғылыми зерттеулер негізінен ежелгі петроглифтерге бағытталған. Ал этнографиялық кезеңге жататын бейнелер дәстүрлі ойындар, ұлттық киімдер, керуендер мен тұрмыс-салт көріністерін сипаттай отырып, ерекше маңызға ие. 2000-жылдардың басында анықталған Эгиз-Кара мен Ак-Таш петроглифтері осы уақытқа дейін жеке зерттеу нысаны болмаған. Жоба олардың ғылыми классификациясын жасап, сюжеттерін талдап, түркі мәдени мұрасындағы орнын анықтауға арналған.