TEXTBOOKS ON "COMMON TURKIC HISTORY", "COMMON TURKIC LITERATURE", "GEOGRAPHY OF THE TURKIC WORLD"

TEXTBOOKS ON "COMMON TURKIC HISTORY", "COMMON TURKIC LITERATURE", "GEOGRAPHY OF THE TURKIC WORLD"

Жоба туралы: Түркі Академиясы

Жобаны жүзеге асырушы ұйым: Түркі Академиясы

Мерзімі: 2015-2023

Аңдатпа:

«Ортақ түркі тарихы» (Ежелгі заманнан XV ғасырға дейін), «Ортақ түркі әдебиеті» және «Түркі әлемінің географиясы» оқулықтарын Түркі Академиясы 2014 жылғы 5 маусымда Бодрумда (Түркия) қаласында өткен Түркі елдері ұйымының саммитінде қабылданған мемлекет басшыларының тапсырмасына сай іске асыру мақсатында орта мектеп оқушыларына арнап әзірленді.

«Ортақ түркі тарихы» оқулығы (ежелгі заманнан XV ғасырға дейін) түркі мемлекеттері мен әулеттерінің тарихына баса назар аудара отырып, б.з. XV ғасырға дейінгі түркі тарихын қамтитын 7 негізгі тақырыптардан тұрады.

"Түркі әлемінің географиясы" оқулығының мазмұны жалпы түркі әлемінің географиялық бейнесін қалыптастыруға, түркілердің географиялық түсініктері мен танымын зерттеуге, сондай-ақ тәуелсіз түркі елдері мен автономиялық республикалардың географиясын қарастыруға бағытталған. Оқулық екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлімде түркі әлемі туралы мәдени ескерткіштерде көрініс тапқан және әртүрлі дәуірлердегі белгілі ғалымдар мен саяхатшылардың еңбектерінде баяндалған географиялық деректерге жалпы шолу қамтылған. Екінші бөлімге түркі әлемін құрайтын мемлекеттер мен халықтардың географиялық сипаттамаларына қатысты мәселелер кіреді;

«Ортақ түркі әдебиеті» оқулығында ортақ түркі әдебиетінің ерте дәуірінен бастап түркі халықтарының қазіргі ұлттық әдебиетін қамтитын ортақ түркі әдебиеті мен мәдени құндылықтар туралы түсінік берілген;

Жобаның мерзімі: 2015-2023жж.

Кері қайту