ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТОПОНИМДЕРІ

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТОПОНИМДЕРІ

Жоба туралы: Түркі Академиясы

Жобаны жүзеге асырушы ұйым: Түркі Академиясы

Мерзімі: 2023 – 2026

Аңдатпа:

«Түркі әлемінің топонимдері» жобасы түркі халықтары мекендеген аймақтардағы географиялық атауларды жан-жақты зерттеуге бағытталған. Топонимдер – белгілі бір өңірді жайлаған халықтардың тарихы мен ұлттық болмысын бейнелейтін тілдік паспорт іспетті. Бұған дейін түркі топонимдері жекелеген тілдер немесе елдер аясында қарастырылғанымен, оларды тұтас жүйе ретінде кешенді зерттеу маңызды. Мысалы, көне түркі «Ұлуғ-Таг» атауы Қазақстандағы «Ұлытау» және Түркиядағы «Улудағ» атауларымен үндесуі түркі халықтарының географиялық атаулар арқылы өзара байланысын көрсетеді. Жоба осындай лингвистикалық және географиялық ұқсастықтарды анықтауға бағытталған, сондай-ақ түркі халықтарының тарихи және мәдени сабақтастығы туралы құнды деректер ұсынуды мақсат етеді.

Кері қайту