
ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ
Жоба туралы: Түркі Академиясы
Жобаны жүзеге асырушы ұйым: Түркі Академиясы
Мерзімі: 2023–2025
Түркі Академиясы бастамашы болған «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары» жобасы – адамзат тарихында терең із қалдырған және түркі әлемінің бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарған көрнекті қайраткерлерге арналған үш томдық іргелі еңбекті әзірлеуге бағытталған. Жоба 2018 жылы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының VI саммитінде қабылданған шешімдерге сәйкес жүзеге асырылуда. Жобаға енгізілген тұлғалар әлемдік өркениетке қосқан үлесі мен түркі халықтарының бірігуіне ықпалы негізінде таңдалған. Мәселен, жинақта аңызға айналған тарихи кейіпкерлер – Оғыз қаған мен Манастан бастап, әл-Фараби мен Руми секілді мәдениет және философияның көрнекті өкілдері, сондай-ақ Исмаил Гаспралы мен Мұстафа Кемал Ататүрік сынды мемлекет қайраткерлері қамтылған. Шығарманың құрылымы хронологиялық тәртіпке негізделген. Бірінші том ежелгі дәуірден XIII ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші том XIII–XIX ғасырлар аралығын, ал үшінші том XIX–XX ғасырларды сипаттайды. 2025 жылы жарық көретін алғашқы том Түркі Академиясына мүше мемлекеттердің қолдауымен және жетекші түркологтардың қатысуымен әзірленуде. Бұл ғылыми еңбек студенттер мен зерттеушілер үшін құнды оқу құралына айналып, ортақ мұраны тереңірек зерттеуге және түркі халықтарының мәдени бірлігін нығайтуға ықпал етеді.