
ТҮРКІ БАРОМЕТРІ 2024
Жоба туралы: Түркі Академиясы
Жобаны жүзеге асырушы ұйым: Түркі Академиясы
Мерзімі: 2023–2025
«Түркі барометрі 2024: Түркі мемлекеттеріндегі білім беру және ғылыми ынтымақтастықтың заманауи тәсілдері» баяндамасы Түркі Академиясының білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық деңгейін бағалауға арналған кешенді зерттеуі. Зерттеу барысында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның ғалымдары, мұғалімдері мен мемлекеттік қызметкерлерінің пікірлері сараланып, білім беру мен ғылыми әріптестікті кеңейту қажеттілігі туралы талданды. Баяндамада оқу бағдарламаларын жетілдіру, академиялық алмасуларды дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру негізгі басымдықтар ретінде белгіленген. Зерттеу нәтижелері білім мен ғылымның мәдени байланыстарды нығайтудағы, әлеуметтік ынтымақтастықты күшейтудегі және технологиялық дамуды жеделдетудегі маңызын көрсетеді. Сонымен қатар, білім мен ғылым саласындағы ортақ саясат түркі мемлекеттерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашатыны атап өтілген. Баяндама түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған нақты ұсыныстарды қамтиды.