ТҮРКІ ТАС МҮСІНДЕРІ КАТАЛОГЫ

ТҮРКІ ТАС МҮСІНДЕРІ КАТАЛОГЫ

Жоба туралы: Түркі Академиясы

Жобаны жүзеге асырушы ұйым: Түркі Академиясы

Мерзімі: 2023–2025

Аңдатпа:

Түркі Академиясы жүзеге асырып жатқан «Еуразиядағы түркі тас мүсіндері каталогы» жобасы – кең байтақ Еуразия аумағында, атап айтқанда Моңғолия, Тува, Алтай, Хакасия, Шығыс Түркістан, Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Еуропа мен Солтүстік Кавказ жерлерінде табылған түркі дәуіріне тиесілі тас мүсіндерді жүйелі түрде зерттеуге бағытталған. Жоба аясында жетекші түркітанушылар, археологтар және тарихшылардың қатысуымен аталған ескерткіштерге кешенді талдау жасалады. Зерттеу жұмыстары тас мүсіндердің типологиялық жіктелуін, географиялық таралуын, этникалық және иконографиялық ерекшеліктерін анықтауды қамтиды. Ерекше назар графикалық сызбалар жасауға, картаға түсіруге, фотофиксацияға және салыстырмалы талдауға аударылады. Сонымен қатар, мүсіндердің стильдік ерекшеліктері, киім-кешек детальдары және олардың семантикалық мәні зерттеледі. Жобаның қорытындысы ретінде түркілердің ортағасырлық дәстүрлі мүсін өнерін кешенді түрде қарастыратын іргелі ғылыми зерттеу дайындалады. Бұл зерттеу аталған ескерткіштердің хронологиясын, таралу аумағын, этномәдени қатыстылығын нақтылауға және олардың тарихи сабақтастығын анықтауға мүмкіндік береді.

Кері қайту