
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ
Жоба туралы: Түркі Академиясы
Жобаны жүзеге асырушы ұйым: Түркі Академиясы
Мерзімі: 2024–2025
2024–2025 жылдарға жоспарланған бұл зерттеу жобасы түркі халықтарының отбасылық дәстүрлерін жан-жақты зерделеуге бағытталған. Жоба аясында бала тәрбиесіне қатысты әдет-ғұрыптар, үйлену тойы дәстүрлері, жерлеу рәсімдері және ас беру рәсімдері терең зерттеледі. Зерттеуге 15 ғалым қатысып, алтай, әзербайжан, башқұрт, қазақ, құмық, қырғыз, өзбек, татар, түрік, түрікмен, тува, хакас, чуваш, шор және саха (якут) халықтарының отбасылық салт-дәстүрлеріне кешенді талдау жүргізеді. Жоба тарихи дәстүрлерді заманауи қоғам тұрғысынан қарастыру арқылы олардың эволюциясын және қоғамдық өмірге әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеудің негізгі мақсаты – түркі халықтарының отбасылық дәстүрлерінің туыстық байланыстарды нығайтудағы, әлеуметтік тұтастықты сақтаудағы және жас ұрпақтың құндылықтарын қалыптастырудағы рөлін анықтау.