
«Ұлы Дала» Гуманитарлық ғылымдар форумы
Жоба туралы: Түркі Академиясы
Жобаны жүзеге асырушы ұйым: Түркі Академиясы
Мерзімі: 2016-2019
«Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» тақырыбындағы «Ұлы Дала» Гуманитарлық ғылымдар форумы
Жоба атауы: «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» тақырыбындағы «Ұлы Дала» Гуманитарлық ғылымдар форумы
Мақсаты: Түркі әлемінің рөлі мен мәдени құндылықтарының жалпыадамзаттық маңызын пайымдау және талқылау. Танымал мамандардың ғылыми байланыстары мен пікір алмасуларын нығайту, жаһандық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Міндеті:
Әлемдік түркітану ғылымының қазіргі жағдайына, жетістіктеріне, проблемалары мен даму келешегіне талдау жасау; Ұлы даланың мәдени құндылықтарының адамзат өркениетінің дамуындағы рөлі мен маңызын талқылау; Әлемдік танымал мамандар арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту, пікір алмасу, жаһандық және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу бойынша кеңестер ұсыну; Түркі әлемін зерттеу бойынша дүниежүзіндегі көрнекті мамандарға арнап диалог пен байланыс алаңын түзу;
Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттілік дәстүр сабақтастығының тарихи бастауларын терең зерттеу;
Түркі әлемі зерттеулерінің әрі қарайғы дамуына және қажетті ғылыми шаралар өткізуге жаңа серпін беру.
Жобаның мерзімі: 2016-2019жж.
Жобаны орындаушылары: Түркі Академиясы
Нәтиже: Форум материалдарының жинақтары 2016, 2017, 2018, 2019.
Орындалу: Аяқталды