2025 жылғы ғылыми жобалар байқауының нәтижелері

Түркі Академиясы 2025 жылғы ғылыми жобалар байқауына қызығушылық танытып, өз жұмыстарын ұсынған барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.

Өтінімдер халықаралық комиссия тарапынан жан-жақты әрі объективті түрде бағаланып, жеңімпаз жобалар анықталды:

«Өзбек-оғыз диалектілерінің диалектологиялық сөздігін құрастыру»

«Халықаралық құқықты оқыту: түркілік көзқарас»

«Шаманизм және неошаманизм: теория мен тәжірибе»

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, ғылыми зерттеулерін табысты жүзеге асыруын тілейміз!