Түркі Академиясының басшысы Түркияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігіне барып, Түркияның Төтенше және Өкілетті Елшісі, Мәртебелі Мұстафа Капуджумен кездесті.

Кездесу барысында Академия қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын зерттеу және насихаттау, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Шаһин Мұстафаев түрік дипломатын Академия жүзеге асырып жатқан түркология саласындағы жобалар мен бастамалар жөнінде хабардар етті.

Мұстафа Капуджу Академияның түркі әлеміндегі ғылыми байланыстарды нығайтудағы рөлін жоғары бағалап, Түркияның ғылыми және білім беру мекемелері мен Түркі Академиясы арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.