Ғылым мен дипломатия диалогы: Әзербайжанның Сыртқы істер министрі мен Түркі Академиясы президенті кездесті

Бүгін Бакуде Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі, мәртебелі Джейхун Байрамов Түркі Академиясының президенті, академик Шаһин Мұстафаевты қабылдады.

Кездесу академиялық ынтымақтастықты нығайту, түркі елдері арасындағы ғылыми байланыстарды кеңейту және әзербайжандық ғалымдармен серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін талқылауға арналды.

Әңгімелесу барысында Шаһин Мұстафаев биыл Түркі Академиясының құрылғанына 15 жыл толатынын атап өтті. Ол Академияның қызметі, негізгі ғылыми жобалары және 2025 жылға арналған жоспарлары, соның ішінде іргелі зерттеу жұмыстары мен ірі халықаралық конференциялар өткізу жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы және әзербайжандық зерттеушілермен ынтымақтастық мәселесіне айрықша назар аударылды. Академия басшысы олардың бірлескен зерттеулерге қосқан үлесі түркі әлемінің ортақ ғылыми және тарихи-мәдени мұрасын терең зерделеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Түркі Академиясының қызметін жоғары бағалаған Джейхун Байрамов мырза оның түркітілдес елдер арасындағы ғылыми дипломатияны нығайтудағы айрықша маңызын алға тартып, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін жеткізді.