Түркі Академиясының Президенті Түркия Сыртқы істер министрлігінің өкілімен кездесті

ADF 2025 Анталия дипломатиялық форумы аясында Түркі Академиясының Президенті, академик Шаһин Мустафаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ғылым және технологиялар саясаты жөніндегі бас хатшының орынбасары, елші Хами Аксоймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Түркі Академиясы мен Түркияның белгілі құрылымдары арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың мүмкіншіліктерін талқылады.

Академик Шаһин Мустафаев Академияның қазіргі қызметі туралы жан-жақты баяндап, түркі елдерінің интеграциясын тереңдетуге бағытталған негізгі ғылыми жобаларымен таныстырды.

Түркі әлемі елдерінің ғылыми қауымдастықтары арасындағы диалогты кеңейтудің маңыздылығын атап өткен тараптар өзара серіктестікті дамытуға ниеттестік білдірді.