Түркі Академиясының сарапшылары Ходжалы геноцидінің құрбандарын еске алды
Бүгін Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының Елшілігінде Қожалы трагедиясының 33 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Оған Түркі Академиясының сарапшылары, дипломатиялық корпус мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.
Шара барысында Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының Елшісі, Мәртебелі Ағалар Атамоғланов сөз сөйлеп, 1992 жылғы қайғылы оқиғаларды жадымызда сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Бағдарлама аясында Ходжалыдағы қайғылы оқиғалар туралы қысқаметражды деректі фильм көрсетіліп, қатысушылар геноцид құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.