Түркі Академиясының президенті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысымен кездесті
Бүгін Ақтау қаласында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның кездесуі өтті.
Кездесу барысында академик Шаһин Мұстафаев Ақтау қаласының 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтап, бұл шешімнің символдық маңызына тоқталып, Каспий теңізінің түркі халықтары үшін ортақ тарихи-мәдени кеңістік ретіндегі маңызын ерекше атап өтті. Сондай-ақ Академия басшысы Түркі Академиясының қызметіне көрсетіліп отырған министрліктің жан-жақты қолдауы үшін алғысын білдірді.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде Шаһин Мұстафаевқа сапары үшін ризашылығын білдіріп, түркі елдері арасындағы мәдени және академиялық байланыстарды тереңдетуге бағытталған бастамалардың өзектілігін ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысында тараптар мәдени дипломатияның халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудағы маңызын атап өтіп, түркі әлемінің ортақ тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.