Түрколог Зейнеп Қорқмаз дүниеден өтті

Түркі халықтарының тілдік мұрасын зерттеп, насихаттауға өлшеусіз үлес қосқан Түркияның көрнекті түркологы Зейнеп Қорқмаз 103 жасына қараған шағында дүниеден өтті.

Түрік Академиясы профессор Қорқмаздың отбасына, жақындарына және шәкірттеріне қайғырып көңіл айтады.

Ғалымның ғылыми мұрасы түркітанудың дамуына зор үлес қосқан жүздеген еңбектерді қамтиды және оның жоғары кәсіби біліктілігі мен ғылымға адалдығы жас ғалымдарға мәңгілік үлгі боп қала бермек.

Марқұмның топырағы торқа болсын!