Академия басшысы Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

Бүгін Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Мәртебелі Дастан Дюшекеевпен кездесті.

Тараптар ғылыми ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен түркологиялық жобаларды жүзеге асыру және түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мәселелерін талқылады. Академия басшысы түркі әлеміндегі ғылыми байланыстарды, соның ішінде қырғыз ғалымдарымен әріптестікті кеңейтуге бағытталған негізгі бастамалар туралы баяндады.

Ғылым және білім алмасу жолындағы бірліктің маңыздылығына тоқталған Елші Дастан Дюшекеев Қырғыз Республикасы мен Түркі Академиясы арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытты.