Түркі Академиясы Мажарстанның ұлттық мерекесімен құттықтайды

Бүгін, 15 наурызда, Мажарстан тәуелсіздік пен бостандық жолындағы күрестің символына айналған тарихи күн – 1848-1849 жылдардағы революцияны еске алуда.

Түркі Академиясы Мажар халқын айтулы ұлттық мерекемен құттықтай отырып, тарихи-мәдени байланыстар мен ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдіреді.

Мажарстан халқына өркендеу, бейбітшілік пен амандық тілейміз!