Түркі Академиясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Астанада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев пен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың кездесуі өтті. Әңгіме түркі мемлекеттері арасындағы интеграцияны нығайтудағы ғылыми бастамалардың рөлі төңірегінде өрбіді.

Шаһин Мұстафаев Академияның 2024 жылғы жетістіктерімен таныстырып, ғылыми жобаларға қазақстандық ғалымдардың қатысуы және олармен бірлескен бастамалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Сондай-ақ, ұйымның ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде Әлібек Бақаев Академияның атқарған жұмыстарының маңыздылығын ескеріп, оның ғылыми бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Кездесу қорытындасында тараптар ғылым және білім саласындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын алға тартып, түркі халықтарының тарихын, тілін және мәдениетін терең зерттеуге бағытталған бастамаларды ілгерілетуге уағдаласты.