Түркі Академиясының басшысы Әзербайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Бүгін Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Мәртебелі Ағалар Атамоғлановпен кездесті.
Кездесу барысында Академияның түркі әлемінің мәдени мұрасын зерттеу мен насихаттау, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қамтитын негізгі қызмет бағыттары талқыланды. Шаһин Мұстафаев Академия жүзеге асырып жатқан жобалар жайлы баяндап, олардың түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерделеудегі маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Елші Ағалар Атамоғланов Академия бастамаларына қолдау білдіріп, Әзербайжанның ғылыми және мәдени мекемелері мен Түркі Академиясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.