Түркі Академиясы мен Түркия арасындағы ғылыми ынтымақтастық нығаюда
Бүгін, 25 ақпанда Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Анкарада Түркия Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Беррис Экинджи ханыммен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Түркі Академиясы мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде Түркияның ғылыми мекемелері және академиялық қауымдастықтарымен ауқымды байланыстар жөнінде талқылады. Сондай-ақ, түркітану саласындағы бірлескен зерттеулерге, түркі халықтарының ортақ мұрасын кеңінен насихаттау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Кездесу барысында тараптар Түркі Академиясы мен Түркия арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, әсіресе Түркияның ғылыми мекемелерімен және академиялық қауымдастықтарымен кең ауқымды серіктестік жөнінде талқылады. Сондай-ақ, түркітану саласындағы бірлескен зерттеулерді дамыту және түркі халықтарының ортақ мұрасын кеңінен насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Шаһин Мұстафаев Беррис Экинджиге Академияның 2024 жылғы қызметінің нәтижелерін таныстырып, соның ішінде түрік ғалымдарының белсенді қатысуымен жүзеге асқан жобалар мен бірлескен ғылыми бастамалар туралы баяндады. Ол Академияның ғылыми зерттеулердегі жетістіктері, жарық көрген еңбектері мен өткізілген іс-шаралары жөнінде ақпарат беріп, Түркиямен академиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Академия басшысы 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Беррис Экинджи Түркі Академиясының ғылыми интеграция саласындағы қызметін жоғары бағалап, түркі әлемінің дамуында ғылыми ынтымақтастықтың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, ол Түркі Академиясы мен Түркияның жетекші ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы әріптестікті кеңейтуге қолдау білдіретінін жеткізді.
Кездесу қорытындысында тараптар ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде уағдаласты.
Кездесуге сондай-ақ Түркия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия және Түркі ынтымақтастық ұйымдары департаментінің бас директоры Тоған Орал, министрлік дипломаттары және Түркі Академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев қатысты.