12 маусым — Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2023 жылғы 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Өкімге сәйкес, ұлттық аза тұту күні елдің барлық аумағында, сонымен қатар шет елдердегі дипломатиялық және консульдық мекемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы төмен түсіріледі. Бұдан бөлек, мәдени ұйымдар мен телеарналардағы ойын-сауық бағдарламалар уақытша тоқтатылады. Осы орайда, Түркі Академиясы бауырлас Қазақстан халқының Абай облысындағы алапат орман өрті салдарынан туған ауыр қасіретіне ортақтасып, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады.