16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Түркі Академиясы бауырлас Қазақстан халқын айрықша маңызы бар мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл күн егеменді елдің мемлекеттілікті нығайтуға, ғылым мен мәдениетті дамытуға және ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған жаңа дәуірінің бастауын бейнелейді.

Қазақстанға бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу тілейміз! Тәуелсіздік тұғырлы болып, бауырлас түркі халықтарының достығы мен ынтымақтастығы нығая берсін!