26 қыркүйек – Түрік тілі күні
Бүгін, 26 қыркүйекте, Түркия Республикасы Түрік тілі күнін атап өтуде. Бұл маңызды дата 1932 жылы Мұстафа Кемал Ататүріктің жетекшілігімен өткен алғашқы Түрік тілі құрылтайының ашылған күнімен сәйкес келеді.
Түркі Академиясы осы мерекенің түркі тілдерін сақтау мен дамыту бағытындағы жаңа бастамаларға шабыт беріп, түркі халықтары арасындағы бауырластық байланысты нығайтуға елеулі үлес қосатынына шын жүректен сенім білдіреді.