27 қыркүйек — Әзербайжан Республикасында Отан соғысы сарбаздарын еске алу күні
Бүгін, 27 қыркүйек — Әзербайжан Республикасында Отан соғысы сарбаздарын еске алу күні.
Президент Ильхам Әлиевтің Жарлығымен жыл сайын бұл күн Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер есімін ел есінде сақтау және ұлықтау мақсатында арнайы аталып өтіліп келеді. Осыған орай Түркі академиясы Әзербайжан Республикасының 44 күнге созылған ел іргесінің бүтіндігі жолындағы қарулы қақтығыстарда жанқиярлықпен шайқасқан және елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігі үшін жанын пида еткен сарбаздардың рухына тағзым етіп, құрметпен еске алады. Біздің бейбітшілік сүйгіш бауырлас халықтарымыздың аспаны ашық, іргесі берік болсын!