31 желтоқсан - Әлем әзербайжандарының ынтымақтастық күні
Түркі Академиясы дүние жүзіндегі барлық әзербайжандарды бірлік пен ынтымақ символына айналған, ұлттық-рухани құндылықтарға құрмет және тарихи отанға терең сүйіспеншілікті айшықтайтын айтулы күнмен шын жүректен құттықтайды.
Бауырлас халыққа амандық, бейбіт өмір және Әзербайжанның мәдени мұрасын сақтау мен мемлекеттілігін нығайту жолында толағай табыстар тілейміз.