8 қараша – Әзербайжан Республикасының Жеңіс күні
Осыдан екі жыл бұрын – 2020 жылы Мемлекет басшысы — Жоғары Бас қолбасшы Ильхам Әлиев мырзаның басшылығымен жеңіске жеткен Даңқты Әзербайжан армиясы 44 күндік Отан соғысының нәтижесінде 30 жыл бойы оккупацияланған жерлерін азат етіп, елінің аумақтық тұтастығын қалпына келтірді.
Халықаралық Түркі академиясы Әзербайжан халқын Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды. Отан үшін үшін жанын пида еткен батырлардың рухына тағзым етіп, құрметпен еске алады және соғыс ардагерлеріне амандық тілейді.