8 қараша – Әзербайжанда Жеңіс күні (Zəfər Günü)
Әзербайжанның Екінші Қарабақ соғысындағы жеңісін дәріптейтін бұл мереке 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Әзербайжан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шуша қаласының азат етілуіне орай белгіленді.
Түркі Академиясы бауырлас әзербайжан халқын айтулы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!
Әзербайжан халқының әділдікке қол жеткізу жолында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығына терең құрметімізді білдіре отырып, Жеңіс күні түркі халықтарының бауырластық байланысын нығайтып, жаңа белестерге шабыттандырып, елдеріміздің бейбітшілігі мен өркендеуіне серпін болсын деп тілейміз.