Академик Бехзод Юлдашев дүниеден озды

Түркі Академиясы академик Бехзод Юлдашевтың отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ Өзбекстанның бүкіл ғылыми қауымдастығына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Академик Бехзод Юлдашев саналы ғұмырын ғылымды дамытуға және элементар бөлшектер мен ядролық физиканың іргелі мәселелерін зерттеуге арнаған көрнекті ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы болды. Оның Өзбекстанның және бүкіл түркі әлемінің ғылыми ортасына сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Марқұмның топырағы торқа болсын!