Академия басшысы Анкара Қажы Байрам Вели университінің ректорымен кездесті
2023 жылғы 18 қаңтарда Түркі Академиясының басшысы Шаһин Мустафаев Анкара Қажы Байрам Вели университінің ректоры Юсуф Текинмен кездесті.
Кездесу барысында Түркі академиясы мен Университет арасында тұрақты әріптестік байланысты арттыру бойынша пікір алмасылды. Тараптар бауырлас түркі мемлекеттеріндегі жас ғалымдардың түркология саласы бойынша өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда университетттің тіл және тарих мамандарын Академияның жобаларына тарту жөнінде сөз болды. Ю. Текин Академияның бұл бастамасына қызығушылық танытып, Түркі әлемі университтері арасында тәжірибе алмасу мен байланысты нығайту жөнінде ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, ол бірлесіп жұмыс істеуге дайын екен жеткізді. Кездесу соңында Ш. Мустафаев білім беру саласындағы тәжірибесімен бөліскен ректорға алғысын айтып, Түркі Академиясы жарыққа шығарған ғылыми еңбектерді сыйға тартты.