Академия басшысы Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрімен кездесті
Бүгін, 29 қаңтар күні Астанада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті.
Тараптар алда өтетін Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында талқыланатын мәселелер және бауырлас елдер арасындағы ғылым мен жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсу жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, министр С.Нұрбек Академия басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс білдірген хатын табыс етті.
Өз кезегінде Ш.Мұстафаев Академияның өткен жылы атқарған жұмыстарының қорындыларымен таныстырып, биыл қолға алынып жатқан іргелі жобалар туралы баяндап берді.
Кезедесу соңында ол министрге өз ризашылығын білдіріп, Түркі Академиясының қолдауымен жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының 5 томдық академиялық толық жинағын тарту етті.