Академия басшысы Дьердь Хазаи кітапханасына барды

2023 жылдың 5 маусым күні Мажарстанға сапары аясында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев белгілі мажар ғалымы, түрколог Дьердь Хазаидың музей-кітапханасына барды.

Кітапханаға арнайы келген қонақтарды ғалымның қыздары Сесилия және Кинга Хазаи қарсы алды. Алдымен Академия басшысы кітапхана жанындағы Дьердь Хазаидың ескерткіш тақтайшасына гүл шоғын қойып, ғалымның рухына тағзым етті. Бұдан кейін Ш.Мұстафаев кітапхана жұмысымен танысып, естелік кітапшаға жазба қалдырды.
Айта кету керек, Дьердь Хазаи кітапханасы танымал түркологтың жеке кітаптар коллекциясын сақтауға және аталған ғылыми еңбектерді кәсіпқойлар зерттеушілер мен әуесқой оқырмандар үшін зерттеу жұмыстарында кеңінен пайдалану мақсатында құрылды.