Академия басшысы IX жаһандық Баку форумына қатысты

2022 жылғы 17 маусымда Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасындағы іссапары аясында Низами Гәнжауи халықаралық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан IX жаһандық Баку форумына қатысты.

Форум аясында Академия басшысы Низами Гәнжауи халықаралық орталығының Бас хатшысы Ровшан Мурадовпен кездесті. Кездесуде тараптар ұйымдар арасындағы әріптестік байланыстарды одан әрі тереңдете түсу мәселелерін талқылап, ортақ жобалар төңірегінде пікір алмасты. Кездесу соңында Д. Қыдырәлі Р. Мурадовка Түркі академиясының Низами Гәнжауидің туғанына 880 жыл толуына орай басып шығарған «Жеті ару. Лейлі-Мәжнүн» жинағын тарту етті. Сонымен қатар, жиын барысында Академия басшысы Ислам Ынтымақтастық ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Екмеледдин Ихсаноғлу және белгілі саясаткері, Түркияның Республикасының 29-шы Сыртқы істер министрі, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің бұрыңғы спикері Хикмет Четинмен кездесіп, түркі әлеміндегі ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастық жөнінде әңгіме өрбітті.