Академия басшысы «Манас» қырғыз-түрік университетінің ректорымен кездесті
2023 жылғы 27 наурызда Түркі академиясының президенті Шаин Мустафаев Бішкек қаласындағы сапары аясында «Манас» қырғыз-түрік университетінің ректоры Алпаслан Джейланмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Түркі академиясы мен Манас қырғыз-түрік университеті арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасып, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады. Академия басшысы «Манас» түркі әлеміндегі үлгілі жоғары оқу орындарының бірі екенін атап өтіп, түркология бойынша бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға Университет ғалымдарының қатысу мүмкіндігін бар екенін айтты. Университетке арнайы келген Ш. Мустафаевқа ризашылығын білдірген ректор А. Джейлан Түркі академиясымен ынтымақтастық нығая түсетінін жеткізді.