Академия басшысы Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті
2023 жылғы 3 ақпанда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Ронамен кездесті.
Кездесуде тараптар ынтымақтастық аясында мәдениет, білім және ғылым бағытындағы бірқатар жұмыстардың жоспарын талқылады. Сонымен қатар әріптестік байланыстарды одан әрі арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды пысықтады. Атап айтқанда, Дьёрдь Алмаши, Дьюла Немет және Иштван Қоңыр Мандоки сынды мажар халқының көрнекті тұлғаларына арналған Академияның іс-шаралары жөнінде пікір алмасты. Ш. Мустафаев Академияның бастамасымен жасалып жатқан ортақ жобаларға мажар ғалымдарының белсенді қатысуына шақырды. Өз кезегінде Отто Иван Рона Академия басшысына жауапты қызметіне сәттілік тілеп, талқыланған жоспарлардың іске асуына және ғылыми зерттеу жұмыстарына барынша қолдау көрсететінін жеткізді.