Академия басшысы міндетін атқарушы Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрімен кездесті

2022 жылдың 5 қарашасында Бурсада өткен ТҮРКСОЙ ұйымының Тұрақты кеңесінің 39-ші отырысы аясында Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Фузули Мәжидли Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Ерсоймен кездесті.

Кездесуде тараптар бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастық аясын арттыру жөнінде пікір алмасып, ғылыми интеграцияны тереңдетуге жол ашатын ортақ жобаларды талқылады. Сонымен қатар кездесу барысында 2023 жылы атап өтілетін түркі әлемінің тұғырлы тұлғаларының мерейтойларын бірлесіп атап өту барысы талқыланды. Өз кезегінде, министр М. Ерсой Академияның атқарып жатқан жұмыстары мен игі бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді. Кездесу соңында Ф. Мәжидли Мәдениет және туризм министріне ілтипат білдіріп, Академияның басып шығарған бағалы кітаптарды тарту етті.