Академия басшысы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдарымен кездесті

2023 жылғы 31 қаңтарда Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында директоры Зиябек Қабылдинов бастаған институт ғалымдарымен кездесті.

Жиынға көрнекті тарихшы-шығыстанушы, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмеков те қатысты. Кездесу барысында Академия басшысы түркі халықтарының тарихын зерттеуді кеңінен насихаттау мақсатында алдағы уақытта Институтпен ынтымақтастықты нығайта түсу ниеті туралы айтты. Өз кезегінде З. Қабылдинов Тарих институтының соңғы жылдарда жүзеге асырған жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Институт директоры Түркі академиясының бастамаларын қолдайтынын айтып, тиісті ұсыныстарын жіберетінін жеткізді. Сонымен қатар, кездесуде тараптар Түркі мемлекеттілігі тарихы конгресін өткізу және түркі әлемінің жас тарихшылары мектебін ұйымдастыру туралы пікір алмасты.