Академия басшысы Шыңғыс хан музейінің директорымен кездесті

Моңғолиядағы іссапар аясында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Шыңғыс хан музейінің директоры, Халықаралық моңғолтанушылар ассоциациясының бас хатшысы Сампилдондвын Чулуунмен кездесті.

Моңғолиядағы іссапар аясында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Шыңғыс хан музейінің директоры, Халықаралық моңғолтанушылар ассоциациясының бас хатшысы Сампилдондвын Чулуунмен кездесті. Шыңғыс хан музейінде өткен кездесуде тараптар ынтымақтастықты жолдарын одан әрі арттыру жолдарын талқылап, көшпенділер мұраларын насихаттауға арналған ортақ жобаларды ұйымдастыру жөнінде ой бөлісті. Аталған кездесулерден кейін Ш. Мұстафаев Ұланбатыр қаласынан 75 шақырымда орналасқан Білге Тонықұқ ғұрыптық кешеніне барып, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан музей құрылысының жұмыстарымен танысты.