Академия басшысы ТМҰ Мажарстан өкілдігі кеңсесінің атқарушы директорымен кездесті

2022 жылғы 13 желтоқсанда Мажарстанға ресми сапары аясында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркі мемлекеттері ұйымының Будапешт өкілдігі кеңсесіне арнайы барып, ұйымның атқарушы директоры Янош Ховаримен кездесті.

Кездесуде тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, Академия басшысы Будапешт өкілдігінің естелік дәптеріне ізгі тілегін жазып қалдырды. Ш. Мустафаев Түркі Академиясына бақылаушы мүше болып табылатын Мажарстанның Түркі елдерімен ғылым және білім саласындағы ынтымақтастығының одан әрі дами беретіндігіне сенім білдірді.