Академия басшысы «Тұрақты даму жөніндегі трансалтай диалогы: гендерлік теңдік және тұрақты даму» халықаралық форумына қатысты

2023 жылдың 13-14 маусым аралығында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткен «Тұрақты даму жөніндегі трансалтай диалогы: гендерлік теңдік және тұрақты даму» халықаралық форумына қатысты.

Моңғолия Парламенті, АҚШ-тағы Станфорд университеті, Пан Ги Мун қоры және Корея Республикасындағы Ева әйелдер университеті бірлесіп ұйымдастырған алқалы басқосудың ашылуына Моңғолия Парламентінің спикері Г.Занданшатар, Корея Республикасы Ұлттық Жиналсының вице-спикері Ким Ен Чжу, Біріккен Ұлттар ұйымының 8-ші Бас хатшысы, «Пан Ги Мун» қорының төрағасы Пан Ги Мун, Стенфорд университеті Азия және Тынық мухиты аймағын зерттеу орталығы Кореяны зерттеу бағдарламасының директоры Чжи Вун Шин құттықтау сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Парламентаралық Одақтың бас хатшысы Мартин Чунгонгтың қатысушыларға жолдаған видео-үндеуі көрсетілді. Форум аясында «Атлайтанудағы халықаралық тенденциялар» тақырыбымен өткен салалық сессияда сөз сөйлеген Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев әртүрлі мәдени және діни құрылымдардың өзара әрекеттесетуіне алтын арқау болған Алтай аймағының тарихи маңыздылығына тоқталды. Осы орайда ол алтайтану саласы қазіргі нақты жағдайға бейімделіп, зерттеу аясы қоғамдық ғылымдардың барлық салаларының аспектілерін қамтуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, Ш. Мұстафаев Түркі Академиясы және Моңғолия Ғылым академиясы арасындағы терең ғылыми ынтымақтастықтың арқасында бірлескен жобалар жүзеге асырылып, нәтижесінде ғылыми маңызы бар жаңалықтар ашылғанын айтты. Сөз соңында ол Түркі Академиясы Моңғолия мен Түркі әлемі рухани көпір рөлін атқарып, ғалымдар және ғылыми ұйымдарының тығыз ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етіп келе жатқанын атап өтті. Осы орайда Ш. Мұстафаев Моңғолияның Түркі Академиясының бақылаушы мемлекет мәртебесін алуға мүмкіндігі бар екенін және мұндай мүмкіндік Моңғолияның түркі әлемімен қарым-қатынасына жаңа серпін беретінін айтты.