Академия басшысы Қырғызстан Сыртқы министрімен кездесті

2022 жылғы 3 маусымда Бішкек қаласындағы іссапар аясында Халықаралық Түркі академиясының президкнті Дархан Қыдырәлі Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесті.

Кездесу барасында тараптар түркі халықтары арасындағы ғылыми және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Министр Ж. Кулубаев бауырлас түркітілдес халықтар арасындағы мәдени-тарихи байланыстар мен рухани ықпалдастықты нығайту үшін халықаралық Түркі Академиясы қызметінің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Д.Қыдырәлі Ж. Кулубаевты Түркі академиясының 2021 жылғы қызметі мен жетістіктері, 2022 жылға жоспарланған жоспарлары мен іс-шаралары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, 2022 жылғы қыркүйекте Шолпан-Ата қаласында түркологтардың бірінші конгресін өткізу жоспарлануда. Аталған шарада ғалымдар түркі елдерінің тарихына қатысты өзекті мәселелерді талқылайды. Кездесу соңында Түркі академиясының президенті Қырғызстан Сыртқы сыртқы министріне Академияның бағалы ғылыми еңбектерін табыс етті.