Академия басшысы Қырғызстанның Білім және ғылым министрімен кездесті
2022 жылғы 3 маусымда Бішкек қаласында Халықаралық Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиевпен кездесті.
Дархан Қыдырәлі Академияның биылғы жоспарларымен бөлісіп, 2022 жылдың қыркүйегінде Шолпан-Ата қаласында түркологтардың Бірінші конгресін өткізуді жоспарланғанын хабарлады. Өз кезегінде Министр Халықаралық Түркі Академиясы қызметінің түркітілдес халықтар арасындағы ғылыми, мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі Алмазбек Бейшеналиевті 2022 жылдың 24 маусымында Нұр-Cұлтан қаласында өтетін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысына қатысуға шақырды. Министр А. Бейшеналиев Академия басшысының шақыруын қабыл алып, ризашылығын білдірді.