Академия басшысы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының басшысымен кездесті
2023 жылғы 1 ақпанда Түркі Академиясының басшысы Шаһин Мустафаев Алматы қаласында ЮНЕСКО Кластерлік бюросы директорының міндетін атқарушы Магнус Магнуссонмен кездесті.
Кездесу тараптар Түркі Академиясы пен ЮНЕСКО арасындағы тығыз ынтымақтастық мәселелері талқылады. Ш. Мустафаев Түркі Академиясының ЮНЕСКО ұйымымен бірлесіп атқарған жұмыстары жөнінде ақпарат беріп, алдағы уақытта гуманитарлық бағыттағы бірлескен жұмыстардың жалғаса беретінін жеткізді. Сонымен қатар ЮНЕСКО аясындағы жүзеге асырылып жатқан Ұлы Жібек жолы жобасы бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде М. Магнуссон ЮНЕСКО өкілдігіне арнайы келген Академия басшысына ризашылығын білдіріп, ұйымдар арасындағы өзара әріптестік байланыстардың маңыздылығына тоқтап, ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты арттыруға және бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты.