Академия басшысы Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Ташкент қаласындағы іссапары аясында Түркі академиясы президенті Шаһин Мустафаев 2023 жылдың 7 наурызында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі орынбасары Бахромжон Алоевпен кездесті.

Кездесу барысында Шаһин Мустафаев Академияның басымдықтары мен ғылыми жобалары туралы ақпарат берді. 2022 жылы Өзбекстанның Академияға бақылаушы болғанын атап қткен Ш. Мустафаев тараптардың ынтымақтастығын одан әрі тереңдету үшін Өзбекстанның Академияға толық мүше болуының маңызды екенін жеткізді. Өз кезегінде Б. Алоев Өзбекстанның Түркі мемлекеттер ұйымына (ТМҰ) іс басындағы төрағасы ретінде көптеген іс-шаралардың жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ ол ТМҰ Хатшылығының бастамасымен ұйымдастырылған жәдитшілдік туралы халықаралық конференцияның ұйымдастырушыларының бірі ретінде іс-шараға қолдау көрсеткен Түркі академиясына алғысын білдірді. Министр Академияның Өзбекстанға қатысты күн тәртібіндегі мәселелерге толық қолдау көрсететінін атап өтіп, ұйыммен тығыз қарым-қатынас орнатуға дайын екенін мәлімдеді. Тараптар түркі және ислам әлемінің ұлы тұлғасы Әбу Райхан әл-Бирунидің 1050 жылдығына орай ортақ іс-шара өткізуге уағдаласты.