Академия басшысын жоғары деңгейлі іс-шараларға қатысуға шақырды

Бүгін, 26 ақпан күні Астанада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дүйшекеевті қабылдады.

Екіжақты кездесуде Қырғызстан мен Түркі Академиясы арасындағы байланыстың бекем екенін атап өткен Шаһин Мұстафаев атқарылып жатқан жобалар туралы жан-жақты мәлімет берді.

Сондай-ақ, өткен жылғы жұмыстың және бірқатар маңызды жобалардың қортындыларымен таныстырды.

Өз кезегінде Елші мырза Академия басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға сапары аясында ұйымдастырылатын жоғары деңгейлі іс-шараларға мәртебелі мейман ретінде қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, Дастан Дүйшекеев биыл Астанада өтетін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойнына дайындық жұмыстары және аталған байрақты бәсеке аясындағы мәдени бағдарламалар туралы баяндап берді.

Кездесуді қортындылаған Ш.Мұстафаев Қырғыз Елшілігіне ризашылығын білдіріп, бастамаларға қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Кездесуге, сонымен бірге, Түркі Академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев, Қырғызстан Елшілігінің үшінші хатшысы Эрнист Абдирашитов және Түркі Академиясының сарапшысы Нурдин Усеев қатысты.