Академия басшысының міндетін атқарушы Фузули Мәжидли Мажарстан Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары Шандор Лежакпен кездесті

2022 жылғы 21 қазанда Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Фузули Мәжидли Мажарстан Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары Шандор Лежак бастаған мажар делегациясымен екі жақты кездесу өткізді.

Кездесу аясында Академия басшысы міндетін атқарушы Фузули Мәжидли өз сөзінде алқалы жиынның көрнекті түрколог Қоңыр Мандоки құнды мұралары сақталған Түркі академиясының ғимаратында өтуінің символикалық мәні зор екенін атап өтті. Ол Мажарстан бағытында жүзеге асып жатқан жобалармен таныстыра келіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Өз кезегінде мәртебелі мейман Шандор Лежак тамырлас елдердің ортақ құндылықтарын зерттеп, халықтардың бауырластығын арттыруда Академия атқарып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар, тараптар екіжақты ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытып, келешекте бірлескен жобалар жүзеге асыруға уағдаласты. Кездесу барысында Ф. Мәжидли мәртебелі мейман Шандор Лежакқа мырзаға арнайы құрмет көрсетіп, Академияның бағалы кітаптарын тарту етті.