Академия президенті Абай Құнанбаевты еске алу күніне орай ақынның Будапешттегі ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Будапешттегі іс-сапары барысында Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Абзал Сапарбекұлының шақыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға барды.
Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сурея Ер және бауырлас мемлекеттер өкілдері қатысқан жиында түркі халықтары арасындағы мәдени байланыстардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Шара барысында Шаһин Мұстафаев Абзал Сапарбекұлын елші қызметіне тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, Түркі Академиясы шығарған Шандор Петөфи шығармаларының қазақ тіліне аудармасын сыйға тартты.
Академия басшысы бұл шараның маңыздылығын атап, түркі елдері арасындағы мәдени байланыстар мен өзара сыйластықтың маңыздылығына тоқталды.