Академия президенті Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрімен кездесті

2023 жылғы 3 ақпан күні Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен кездесті.

Кездесуде тараптар өзара әріптестік пен тиімді ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Ш. Мустафаев Түркі Академиясы мен Министрлік арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және тығыз байланыста жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Өз кезегінде Д. Қыдырәлі Академия басшысына жауапты қызметтіне сәттілік, Түркі академиясының алғашқы Орталық Азия медиа форумын ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.