Академия президенті Қазақстанның Түркиядағы Елшісімен кездесті
2023 жылдың 28 желтоқсанында Анкара қаласында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиевпен кездесті.
Тараптар ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсу мүмкіндіктерін жөнінде пікірлесті.
Түркі Академиясының басшысы атқарылып жатқан іргелі жобалармен таныстырып, оған білікті ғалымдар мен ізденушілердің қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Академия Түркі мемлекетеріндегі мерейлі даталарды атап өту мақсатында өткізген маңызды іс-шаралар жөнінде баяндап берді.
Өз кезегінде Елші Еркебұлан Сәпиев Түркі Академиясының бауырластық байланыстарды нығайтуда маңызды интеграциялық құрылым екенін атап өтіп, ұйымның алдағы жұмысына табыс тіледі.